11 Маусым, 2023
459
Абай, біз біргеміз!
Құрметті жерлестер!
Абай облысындағы ауыр өрт апаты салдарынан бірқатар елді мекендер эвакуацияланып, тұрғындардың үйлері өртеніп, ауыр зардап шеккендер де бар.
Өрт сөндірушілердің негізгі тобы орналасқан штабқа алғашқылардың бірі болып облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени орталықтарымен бірлесіп "Ассамблея жастары" РҚБ еріктілері келді.
Барлық керек-жарақтарды штабтың жанында орналастырылған далалық ас үйіне алып келді.
Бородулиха ауданына Абай облысының Достық үйімен бірлесіп өртті жоюға тартылған қызметтерге су және басқа да көмек жеткізілді.
Сондай-ақ, қаражат жинауға облыстық Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің белсенділерімен қатар жанашыр жандар да қатысты.
Бүгінгі күні әрқайсымыз азаматтық борышымызды сезіну, халқымыздың бірлігіне атсалысу сияқты қасиеттерді іс жүзінде көрсетіп жүрміз.
Ассамблеяның әр мүшесі бұл жауапкершілік пен парызды терең сезінеді.
Әрқашан солай болған!
Күшіміз бірлікте!
#Абайбізбіргеміз
ҚХА Төрағасының орынбасары –
Хатшылық меңгерушісі
Марат Әзілханов
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Абай облысының ҚХА журналистер клубының отырысы өтті
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
«Елтану» лекторийі Абай ауданында жалғасын тапты
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті