Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2016

1544

Абай Құнанбаевтың туған күні аясындағы викторина

Маңғыстау жұртшылығы қазақтың ұлы ақыны, ойшылы,   композиторы, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және классигі Абай Құнанбаевтың туған күнін атап өтті. Бұл іс-шараны Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымының өкілдері ұйымдастырды.

Жастар Ақтау қаласының Абай атындағы мәдени-демалыс кешені алаңында жиналып, тұрғындар арасында викторина жүргізді. Маңғыстаулық азаматтарға Абай атамыз өмірбаянына қатысты сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген азаматтарға арнайы дайындалған: ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының логотиптері бейнеленген бас киімдер, футболкалар, блокноттар және т.б. сыйлықтар табысталды

Бұл іс-шара жастар Ұлы бабамыздың өлеңдерінің, әндерінің, қара сөздерінің болашақ ұрпақтың жүрегінде ұмытылмас ізін қалдыру мақсатында ұйымдастырылған.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай