Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2015

2018

«Абай тойы – халық тойы»

 2015 жылдың 7 тамызы күні Абай ауданындағы Қарауылтөбеде өткен  қазақтың ұлы данасы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған  «Абай тойы – халық тойы» атты мәдени-көпшілік іс-шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени және қоғамдық  бірлестіктерінің өкілдері қатысты.  

Сонымен бірге ЭМБ өкілдері Жидебай ауылындағы Абай мен Шәкәрім кесенесіне барып, ұлы тұлғалардың басына тағзым етіп, сол жердегі Абайдың  музей-үйін аралап, сол кезде өмір сүрген ақынның өмірінен сыр шертетін тұрмыс-тіршілігімен танысып, көптеген мәліметтер алды. Қарауылтөбеде өткен қазақтың «Қазақша күрес», «Жорға» ұлттық ойындарын тамашалап, тойға арналып тігілген шағаладай аппақ қазақ үйлерінің біріне кіріп,  дастарқаннан дәм татты. Қайтар жолда Бөрілі ауылындағы Мұхтар Әуезовтың музей-үйіне ат басын бұрып, ұлы жазушының өмірінен сыр шертетін құнды деректі материалдармен танысты. Осы сапардан ЭМБ өкілдері ерекше рухани сезіммен қайтты. 

Кейін қарай