23 Ақпан, 2020
1744
Абайдың «Көзімнің қарасы» алғаш рет поляк тілінде шырқалды
Елордадағы Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне арналған «Абай және көптілділік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы Елшілігінің консулы Игорь Иванов, сондай-ақ Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының және Помор академиясының А. Құнанбаев атындағы мәдениет орталығының өкілдері және тағы басқалары қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, елордадағы өзбек этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Пулатов елімізде тілдердің дамуына қатысты бірқатар жұмыстардың атқарылғанын мәлімдеп, әр тілдің ғылыми дамуы ерекшелігіне басымдық берді. Бұл жөнінде бас қаламызда арнайы оқу кабинеттері ашылған және оның жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізіліп келеді.
Дөңгелек үстел басында сөз алған Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы Елшілігінің консулы Игорь Иванов Қазақстанда игілікті істердің атқарылып жатқанын мәлімдеп, әлемдік дәрежеде кең танымал болған Абай Құнанбаев әлеміне терең бойлады: «Абай бүкіл дүйім жұртқа аты мәлім дара тұлға. Ол барша адамзат баласының жеткілікті дәрежеде оқып-үйренгенін бар ықыласымен қалаған адам. Ғылымды игермей, ешқандай да өңімді еңбек болмайтынын айтқан. Сондықтан баршамыз осыған аса мән беруіміз керек»,- деді ол.
Польша Республикасы еліміздегі белгілі жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста екен. Тіпті Польшадағы университет ректорының кабинетінде қазақтың домбырасы ілулі тұрса, Еревандағы университетте қазақ тілі мен тарихы оқытылады.
Тағылымдық мәні бар игі шарада Абай шығармалары армян, қырғыз және басқа тілдерде оқылып, «Көзімнің қарасы» шығармасы Достық үйінде поляк тілінде алғаш рет шырқалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті