
22 Сәуір, 2020
2052
Абайдың «Көзімнің қарасы» түрлі ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту мақсатында акция бастады. Аталмыш шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.
Бұл челленджге Нұр-Сұлтан қаласындағы өзбек этномәдени орталығының өкілдері алғаш болып қолдау білдірді. Олар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде өзбек ұлттық музыкалық аспабы - рубобтың сүйемелдеуімен орындады. Өзбек мәдени бірлестігінің өкілі Нуриддин Молдабаевтың айтуынша, қашғар рубобы ең танымал аспаптардың бірі саналады.
Жыл сайын елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі концерттер, ауқымды акциялар мен мерекелік шаралар өтеді. Алайда биыл Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы салдарынан карантин жарияланғандықтан, мерекелік шаралардың форматын өзгерту туралы шешім қабылданды. Іс-шараларды онлайн режимде өткізуге ерекше назар аударылып отыр.
«Бүгінде елордада 130-дан астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Қалада 23 этномәдени бірлестік жемісті жұмыс жасап келеді. Бүгінде 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді және олардың саны жыл сайын артуда. Елордалық этномәдени бірлестіктер жаңа шығармашылық бастамалармен және түрлі іс-шаралармен ерекшеленеді. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында біз әртүрлі этностардың ұлттық музыкалық аспаптарын насихаттау акциясын өткіздік. Карантинде музыка арқылы еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту үшін барлық этностардың шығармашылығын жеткізгіміз келеді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
ҚХА қалалық хатшылығы елорда тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, әр халықтың музыкалық аспаптарын біліп, тарихымен танысуға және Абайдың әнін бірлесе орындауға шақырады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған шаралар өтуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті