12 Тамыз, 2015
2612
Абайды ұлықтаған фестиваль өтті.
2015 жылдың 12 тамызы күні Орталық қалалық кітапханада Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай әлеміне саяхат» атты фестиваль өтті. Фестивальге Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері қатысты.

Аталмыш шараны Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Орталық қалалық кітапхана ұйымдастырды. Бұндағы мақсаты, Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ұлы тұлғаның шығармаларын ұлықтау.
Жамбыл атындағы облыстық драма театрының әртістері «Абай» спектаклінен үзінді қойып, фестиваль пердесін ашты. Облыстық филармонияның әншісі Айдар Алтай және театрдың жас актерлері ақынның танымал әндерін орындады, кітапхананың жас оқырмандары Абай өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Фестиваль барысында кітапхана алаңында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы» тақырыбында ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар ойнатылды. Сонымен қатар, Абайдың сүйікті ойыны «тоғызқұмалақ» және «хан талапай» асық ойындары, т.б. ұлттық ойындар ойнатылды. Шара барысында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының украин және белорус ЭМБ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен этнографиялық мұражайдың өкілдері қолөнер көрмесін жайды.
Шара аясында кітапхана фойесінде Абайдың өлеңдері дауысталып оқылатын аудиодискілер қойылып, слайдтық презентация көрсетілді. Көпшілік назарына ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер бейнедеректер, атап айтқанда, «Абай» және «Излучение Любви. Абай Кунанбаев» фильмдері ұсынылды. ЭМБ өкілдері хакім Абайдың шығармашылығының құндылығымен таныса отырып, рухани әсер алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды