Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Мамыр, 2016

1114

Ғабдолла Тоқайдың өмірі мен шығармашылығына арналды

20 мамыр күні  Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының үйінде «Татар халқының ұлы ақыны  Ғабдолла Тоқайдың  өмірі мен шығармашылығындағы Орал қаласының   орны»  деген тақырыпта, оның  130 жылдық мерейтойына және Орал қаласына келгеніне 120 жыл толуына арналған  «дөңгелек үстел» өтті.

Ассамблея үйінің дәлізінде «Уральский мир Г.Тукая»  атты көрме ұйымдастырылды.

«Дөңгелек үстелді»  Батыс Қазақстан облысы Қазақтан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары  Ғайса Қапақов жүргізді.

-  Бұл ғимарат Елбасының аймақтарда Достық үйлерінің салынуы туралы берілген тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылдың басында салтанатты түрде ашылды. Мұнда  - этномәдени бірлестіктердің бөлмелері,  тілдерді үйрену, хореграфиялық, конференция және концерттік  залдар орын алған. Бұның бәрі - еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар,  - деді Ғайса Хамедоллаұлы.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Татарстан Республикасынан және Астана қаласынан келген қонақтар қатыстыа. Олар – ғалымдар, тоқайтанушылар, филолог мамандар, шығармашылық, зиялы қауымның  өкілдері және ТНВ – «Планета татар» телеканалының тілшілері қатысты.

БҚО әкімінің орынбасары Тоғжанов Марат Лұқпанұлы «дөңгелек үстелді»  құттықтау сөз сөйлеп ашты.  Содан соң сөз алғандар:  Орал қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы С.Забитов, ақын, БҚО жазушылар одағының төрайымы, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, профессор, филология ғылымдарының докторы,  Г.Ибрагимов атындағы тіл және әдебиет институтының музыкалық мұра және жазба орталығының аға ғылыми қызметкері Зуфар Рамиев, халықаралық түрік академиясының ғалым хатшысы Амантай Шәріп,  ақын, Татарстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі,  Татарстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері  Шамсия Зигангирова,  Евразиялық Ғ.Тоқай  орталығының төрағасы,  М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Разакк Абузяров, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің ректоры Асхат Иманғалиев.

Аталған іс-шара аясында үлкен ғылыми-практикалық конференция өтті.  Бұл конференция Ғ.Тоқайдың Оралда өткен шағына  оның өмірі мен шығармашылығына арналған. Конференция жұмысында ақынның шығармашылығы туралы қызықты фактілер келтіріліп, Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан ғалымдарының арасында пікір және тәжірибе алмасу орын алды.

Бүгінде, Батыс Қазақстан облысында ҚХА-ның бастамасымен 1990- жылдан  татар мәдени орталығы жұмыс істеп келеді. Татар халқының ұлдары – Ғабдолла Тоқай, Мұса Жәлел, Назиб Жигановтардың шығармашылықтарына арналған мәдени-ағарту іс-шаралары өткізіледі.Татар халқы аймағымыздың әлуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуда, олардың қатысуымен кәсіпкерлік, құрылыс салалары дамуда, Орал қаласының тарихи ескерткіштері мен сәулеті жаңғырылуда. Орал өңірі өзінің түрлі мәдени дәстүрлерімен бай, оған татар орталығының қосқан үлесі зор. Бүгінгі біздің кездесуіміз де - Татарстан мен Қазақстанның достығының белгісі.

   

 

« Қоғамдық келісім» КММ – нің баспасөз қызметі

Кейін қарай