13 Сәуір, 2021
1242
Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл
Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде Ресей мектебінің оқушыларымен Ғарышкерлер күніне және адамның ғарышқа ұшуының 60 жылдығына арналған телекөпір өтті.
Іс-шараның мақсаты – балаларға тұңғыш ғарышкерлер туралы толығырақ мәлімет беріп, ғарышты алғаш ашушылар туралы білімдерін нығайту, халықтар арасындағы достықты нығайту.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен мерекелік іс-шараға Zoom қосымшасы арқылы Қызылорда қаласының №5 мектебі мен Мәскеу қаласының №854 мектебінің төртінші сынып мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты.
«Славяне» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова телекөпірдің барлық қатысушыларын құттықтап, қазақстандық ғарышты игерушілердің қатысуымен өткен кездесулердің тарихи фотосуреттерін көрсетті.
Сыныпта оқушылардың «Ғарышкерлер күні» тақырыбындағы суреттері, А.С. Пушкин атындағы қалалық кітапхананың қолдауымен ұйымдастырылған ғарышкерлер туралы кітаптар көрмесі ұсынылды.
Танымдық шара барысында тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның ғарышкерлері, Қызылорда жерінде орналасқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы, ғарышқа жол ашқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және т. б. ғарышты игеру тарихы туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан және Ресей мектептерінің оқушылары ғарыш тақырыбындағы викторина мен сөзжұмбақ сұрақтарын қызығушылықпен шешіп, ғарышкерлер туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады.
Телекөпір өзара бейнеқұттықтаулармен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ