Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2016

1322

Қадірлі қарияларым менің...

Күнделікті өмір қарбаласында біз өзіміздің қарт әжелеріміз бен аталарымызды, ата-аналарымызды еске алуға және хабарласуға үнемі уақыт таба бермейміз. Денсаулықтарын, неге мұқтаж екенін білуге де, тіпті дүниеден озған жақындарымыз үшін дұға қылуға да кейде уақыт тапшы…

Ал шындығында, нақ солар бізге өмір сыйлап, дәл солар өткен шақта тағдырдың ауыртпалығын бастан кешірген, нақ солар – бүгінгінің кітабындағы тарих!
Біздің  келешегімізді тұрғызған, біздің ұрпақтың дамуына үлес қосқан, біз үшін өз қолдарымен тарихты жасаған жандарды біз ешқашан ұмытпауға тиіспіз. «Қарттар күнін» мерекелеуге орай Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ Петропавл қаласының Достық үйінде біздің қаламыздың қарттарын құттықтады.

Ассамблея этномәдени орталықтарының аталары мен әжелері, қаланың еңбек сіңірген қайраткерлері, құрметті зейнеткерлер және барлық ниет білдірушілер облыстық филармония камералық хорының концертіне келді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов жиналған халықты мерекемен құттықтап, біздің еліміздің болашағына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі  Юрий Колчин көрермендер алдында өнер көрсеткендерге репертуар таңдады. Соғыс жылдарындағы әндерді, қазақ күйлерін және романстарын әншілер концертмейстердің фортепианода сүйемелдеуімен орындады. Әр  туынды көрермендердің есіне олардың жастық шақтары, аналарының қамқорлығы, студенттік жылдар, алғашқы махаббат секілді қымбат естеліктерін түсірді. Валентина Толкунованың «Поговори со мною, мама» әні кейбір жандардың көзіне жас келтірді. Тіпті жастардың өзі өз сезімдерін жасыра алмай, өздерінің қымбатты ата-аналарын құшағына алды.

Концерттен кейін барлығы дастархан басына жиналып, зейнеткерлер түрлі қызықтарды жайдарлана еске алды, көңілдене әңгімелесті, қазақ, татар, орыс және неміс тілдерінде ән салды. Олар алаңсыз демалып, өздерінің тарихын айтып, жастармен тәжірибелерін бөлісті.

«Өз өміріңді, сұлулығыңды және күшіңді бағала, уақыт аяусыз және билік жүргізе алмайсың. Лайықты өмір сүруге үлгер!» - деп шешей қатар отырған жас қызға ақылын айтты.

Риза болған қариялар алғыс айтып, риясыз күлкімен қошташты және жылы лебіздерін білдіріп кетті. Өздерін ұмытпағаны үшін, құрмет тұтып, бағалайтындықтары үшін «рахмет» айтты.

Бұл біз үшін рухани азық болды, азғантай іспен біз аға ұрпаққа зор қуаныш сыйладық. Жайдары күлкіден көздерінің айналасына пайда болған әжімдерді көру - бұл шындығында да бақыт.

Осындай күндердің жиі болғанын қалайсың. Олар – өткен жылдардың батырлары, сондықтан біз оларды ізет тұтуға және есте сақтауға міндеттіміз.

Олар біздің тарихымызды жасаған, ал олар туралы естелік – бізден болмақ.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай