21 Ақпан, 2017
858
Акционерлік қоғам директоры Ву Джонг Хи Достық үйінде болды
Бүгін «Ынтымақтастық іскерлік жөніндегі Қазақстан-Кәріс орталығы» АҚ директоры Ву Джонг Хи Қызылорда қаласындағы Достық үйінде болды. Іссапар барысында ол Сыр еліндегі кәріс этносының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уәлихан Ибраев, «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының ардагерлері мен белсенді мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында қонақтарға Достық үйінің музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Ву Джонг Хи іссапарының кездесу барысында алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, осындай кездесулерге енді жиі келетіндігін айтты.
Кездесуге қатысқан облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова облыстағы кәрістердің көбісі Сыр өңірінің Қармақшыдағы III Интернационал мен Шиелі ауданындағы Авангард ауылында тұрып жатқандығын, диқаншылықпен айналысып, бақшаны жайнатып, күрішті тербелтіп отырған еңбекқорлығын айтты.
Кездесуде кәріс этносының ардагерлері қазақ және кәріс халқының салт-дәстүрі ұқсас екендігін, ынтымақта өмір сүріп жатқандығын айтты. Сондай-ақ, олар қонаққа келген акционерлік қоғамның директоры Ву Джонг Хидке ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті