22 Тамыз, 2016
1095
Ал бізде - алма мерекесі!
Қостанай облысының орыс қауымы қостанайлықтар жақсы көретін, осы өңірде дәстүрлі болған «Алма мерекесі» театрландырылған қойылымын өткізді.
«Алма мерекесі» - алма жинау мерекесі, оны қысқа дайындаудың басталуы. 19 тамыз күні шіркеулерде жаңа өнімнің жемісіне арналып дұға жасалады.
-Бұл уақытта алма ғажайып қасиеттерімен ерекшеленеді: алманы тістеп тілек тілесең, міндетті түрде орындалатын болады. Халықтың арасында Алма мерекесін Тәңірінің кейіпін өзгерту (Преображение Господне) мерекесі деп те атайды. Халықтық белгілер бойынша алма мерекесі күздің басталғанын білдіреді. Бұл күні далада егін жинау науқаны аяқталады, содан кейін жастар қол ұстасып әндетіп, ойын ойнап, көңілді мейрам өткізілетін болған. Қыздар міндетті түрде басын гүлмен және масақпен өрген дестемен әсемдеген, - дейді Қостанай облысы орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев, – біз қостанайлықтарды таңғалдыру үшін жыл сайын бағдарламаны түрлендіріп отырамыз, ал мереке көңілімізден шықты.
Күлдіргіштер көрермендерді байқауларға, викториналарға шақырып, әрбір тілек білдірушілер оған қатысуға, жүргізушілерден алма мерекесінің тарихын білуге, алманың, алма тосабының, хош иісті нәрсуы мен ішіне алма салынған бәліш дәмін татуға мүмкіндік алды.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді