03 Наурыз, 2018
1691
Алғыс айту – елбасы бастамасы
1 наурыз күні Құрманғазы мәдениет үйінде «Алғыс айту күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Атырау облысының мәдениет басқармасымен «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып табылады.
Облыс әкімі Н. Ноғаев: «Алғыс айту» мейрамы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. Бұл күнді «Алғыс айту күні деп Қазақстан Республикасы Президенті кездейсоқ белгіленген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған болатын. Сондай-ақ, Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі» деді.
Салтанатты іс-шарада театрландырылған қойылым көрсетіліп, сахна төрінде бір отбасы мүшелерінің «Татулықтың» астында айрандай ұйып отқан отбасылық кейпіндегі драмалық қойылымы тамашаланды.
Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концертте облыстық филармония әншілері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті