
02 Наурыз, 2017
1606
Алғыс айту күні
1 наурыз күні - барша этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Елбасының Жарлығымен дәл осы күн Алғыс айту күні болып жарияланды. Алғыс айту күні біздің елімізде биыл екінші рет атап өтілуде.
Мереке мақсаты - қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәнгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлтық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизімнің принциптерін қалыптастыру.
Алғыс айту күніне орай, 1 наурыз күні Достық үйінде «Жетісу -Қайырымды ел» форумы өтті.
Форумды Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай ашты. Ол өз сөзінде Алғыс айту күнінің тарихы, мән-маңызына тоқталып, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында мәңгілік елдің жалынды жастары мен ұрпағын тәрбиелеуде еңбегі зор батыр аналарға, әр салада қызмет істеп, ел құрметіне бөленген қарияларға, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, медицина, білім, спорт, журналистика саласының ардагерлері және мұқтаж адамдарға қол үшін беріп, қолдау көрсетіп жүрген жомарт жандар, еліміздің тыныштығын сақтап немесе төтенше жағдайларда ерен ерліктерімен көзге түскен азаматтар да алғысқа бөленді.
Алғысқа бөленген жандар әр саланаң үздіктері, қаһармандары. Соның ішінде №48286 әскери бөлімнің аға офицері, Өрттің ішінен ана мен үш баланы алып шыққан Халық Қаһарманы, әскери- Әуе Күштерінің аға лейтенанты - Жумадилов Азамат, 1994 жылдан бері ақысыз донорлыққа қатысып, 30 литрдан астам қан тапсырып, 66 адамға донор болған - 1970 жылғы Ержанов Қанатбек, Талдықорған өңірінің төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімінің құтқарушысы Әмірхан Рауанның ерліктері мақтауға, үлгі етуге тұрарлық .
Алматы обысының құрметті азаматы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі С.Гаитова, білім саласының ардагері В.Черникова, көптеген жас ұшқыштарды дайындаған, Жетісу өлкесінің ұшқышы Айдын Айымбетовты дайындаған А. Петручиктер барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақ халқына деген ыстық ықыласын жылы лебіздер мен жүрек жарды тілектермен жеткізді.
Форум «Өрнек», «Ачим ноуль» би ансамблдері, Сүйінбай атындағы облыстық филормония әншісі Н.Ахметбеков, мерекеге арнайы келген «Тұран» университетінің «Жас тұлпар» халық аспаптар ансамблі қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты.
Сондай-ақ, форум аясында Қаратал ауданы Бастөбе жотасында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде мерекеге митинг өтті.
Іс-шараны Қаратал ауданының әкімі Қ.Бисембаев ашты. Ол өз сөзінде Алғыс айту күнінде Бастөбе жотасында жиналуының алғаш еместігін айтты.
Сондай ақ, мерекенің мақсаты, мәні,тарихы жайында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, түрлі этнос өкілдерінің Қазақстанға жер аударылғандығы, зұлмат жылдардың қасіреті, қазақ халқының асыл қасиеттері туралы Алматы облысының Құрметті азаматы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі С.Гаитова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов, Қаратал ауданының тұрғыны Ин Валентина, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округ әкімдігінің бас маманы И.Киримова сөз сөйледі.
Жиын барысында Қаратал ауданының мектеп оқушыларының әдеби- шығармашылық композициясы орындалды.
Іс шараға Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері қала, аудан тұрғындары жалпы 500 адам қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті