
24 Ақпан, 2017
939
Алғыс айту күні қарсаңында
2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен елімізде жаңа мереке – Алғыс айту күнін құрды, осыдан кейін ол Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызда атап өтілуде. Алғыс айту күнін мерекелеуді Мемлекет басшысы ҚХА 20 жылдығына арналған ҚХА мерейтой сессиясында ұсынды. «Тарихты ұмытпа және оны мақтан тұт» - мерекенің негізгі үндеулерінің бірі.
Осы күндегі мақсаттың бірі – жас өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген достық және құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту. Заманауи әлемде жаһандану шекараларды жоюда, жер шарындағы миллиондаған адам мигрант болып есептеледі. Сондықтан ағымдағы жүз жылдықта халық үшін басты емтихан толеранттылық жайында болмақ.
Мереке қарсаңында С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан ассамблеясының, ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институтының, ҚХА жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және колледждер студенттері қатысты.
«Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова «Дружба этносов как основа консолидации общества» тақырыбында сөз сөйледі, оның айтуынша, еліміздегі түрлі ұлттар арасындағы достық қатынас осындай табысқа жетудің маңызды аспектісі болып табылады.
«Видергебурт» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Нэлли Савенкова қатысушыларға өзінің балалық шағы, қоныс аударған қиын уақыт жөнінде айтты. Нэлли Оттовна Қазақстанда тұрғанын мақтан тұтады, Германияда болғанда, туып-өскен туған жерін есіне алып тұрады. Ол үшін Қазақстан отбасын құрып, балалар мен немере-жиендер өсіріп-тәрбиелеген туған ошаққа айналды. Бүгінде ол бейбітшілік, толеранттылық және бірлік үшін мемлекетімізге алғыс білдіруде.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары домбыра үніне қазақ тілінде әндер шырқап, қайырымдылық қызмет пен СҚО ҚХА өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған жобалар жайында айтып өтті.
Соңында кездесу модераторы, кітапхананың оқу залдары бөлімінің басшысы Мария Шингурова жиналған қауымға аталған іс-шараға қатысқандары үшін ризашылық білдіріп, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті