Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2017

1326

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТТАУ

Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні қарсаңында ҚХА Кеңесінің шешіміне сәйкес Тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің нығаюына, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық отансүйгіштіктің дамуына қосқан үлесі үшін қоғам қайраткерлері, ғалымдар, білім саласының өкілдері марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов оларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiн, құрмет грамотасы мен ҚХА алғыс хаттарын тапсырды.

Кездесу соңында Е.Тоғжанов жиналған қауымды келе жатқан Алғыс айту күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанының 22 жылдығымен құттықтады. 

Кейін қарай