
02 Наурыз, 2017
1481
Алғыс айту күні Атырау өңірінде кеңінен аталды
Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үйлесім, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні!
Атырау облысы бойынша Алғыс айту күніне арналған іс-шаралары барлық аудандар мен облыс орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер, облыстық Асссамблеяның Ғылыми-сарапшылық тобы, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің, үкіметтік емес ұйымдарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында, медициналық және мәдени мекемелерде 100-нен астам іс-шара өткізілді. Жоғары, орта оқу орындарында және мектептерде дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар өткізіліп, онда жастарға жер аудару тарихы, адамдарды эшелондармен қазақ даласына әкелген қиын кездер, қазақ отбасыларының оларды паналатып, қолындағы барымен бөліскені туралы айтылды.
Негізгі іс-шара 1 наурыз күні Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында басталды. Іс-шараның үйымдастырушылары Атырау облысының мәдениет басқармасымен «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып табылады.
Өңір басшысы Н.Ноғаев жиналған қонақтарды елімізде екінші рет атап өтілгелі отырған күнмен құттықтап, оның маңызы туралы айтып өтті.
«Алғыс айту мейрамы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі. Алғыс айту күні ҚР Президентінің Жарлығымен 1 наурызға кездейсоқ белгіленген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған болатын»- деді өз сөзінде өңір басшысы
Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің атынан жиналғандарды «Тхоньиль» облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Ли Алғыс айту күнімен құттықтады. - «Тарихтың ауыр кезеңдерінде респрессия мен ашаршылықта ұлтының үштен бірін жоғалтқан қазақтар, тағдыр талқысына ұшыраған бір жарым миллионға жуық ұлыс өкілдерін бауырына басты. Олар әкелеріміз бен аталарымыздың қайғысына ортақтасып, бір отбасының баласындай көрді. Өскелең ұрпақ қазақ жерін отаным деп өсті. Өзге этностар қазақ халқына алғыс айтудан шаршаған емес», -деп атап өтіп, барша халықтың атынан ризашылығын білдірді.
Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концертте облыстық филармония әншілері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
Алғыс айту күніне арналған іс-шара Еркінқала селолық округінде жалғасын тапты. «Қоғамдық келісім» КММ-сі қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп облыстық этномәдени бірлестігі өкілдерінің қатысуымен Еркінқала елді мекенінде «Менің елім-Қазақстан» атты мекекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара Еркінқала ауылындағы мектепте өткізілді.
Ауылға арнайы барған қонақтарды ауыл жұртшылығы ақ дәммен қарсы алды (бауырсақ пен шұбат ұсынды).
Мектептің холында қолөнер бұйымдары және зергерлердің жасаған әшекей бұйымдары бойынша көрме жасақталды. Қолөнерші Н.Қалиевтің «Ұршық», «Атырау байлықтары» және т.б қолөнер жұмыстары қойылды. Қонақтарды зергерлердің жасаған әшекей бұйымдары таңқалдырды.
Ауыл жұртшылығы Атырау облысының ҚХА этномәдени бірлестіктері дайындаған концертті тамашалады. Концерттік бағдарлама барысында Еркінқала округінің әкімі Е.Тапанов мырза жиналғандарды айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.
«Бүгін Қазақстанның тарихындағы ерекше мерекелерінің бірі. Біз қазақстандықтардың бірлігі мен достығына арналған мерекені атап өтудеміз. Осы атаулы күннің ҚХА құрылған күнге дәлме-дәл келуі кездейсоқ жайт емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі осы күнді алғыс айту күні деп ұсынды. Біз жүзден аса ұлтты бір шаңырақ астына жинаған Елбасына ризамыз және келісім мен бірлікті сақтау жолында қызмет етіп жүрген бір-бірімізге ризамыз.
Содан соң, округ әкімі Еркінқала селолық округінің көркеуіне үлес қосқандары үшін округ ардагерлер Кеңесінің мүшелері және жастар арасында патриоттықты насихаттауда белсенділік танытқандары үшін селолық округ мектебінің жас мамандары мерекелік Алғыс хатпен марапаттады.
Қазақ халқына деген алғыс сезімдерін «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің өкілі Биткова Р.А., «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе да білдірді.
Алғыс айту күніне орай «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің және «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы мүшелері облыстық №1 ата-ананың қамқорынын тыс қалаған балалар үйіне және Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің және «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы мүшелері бабалар үйіне азық- түлік қоржынын және жеміс-жидек алып келді.
Қайырымдылық акция балалар дайындаған концеттік бағдарламаға ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды