01 Наурыз, 2017
4072
Алғыс айту күні айырықша аталып өтті
Мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкенттегі «Royal rose» салтанат сарайында мерекелік шара ұйымдастырды. Салтанатты шара ең алдымен 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен бастауын алып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырды.
Мерекелік кездесудің негізгі бөлігі салтанат сарайында жалғасып, өткен ғасырда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.
Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.
Сонымен қатар, жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық құрамының мүшесі, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочорошвили сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғысын білдірді.
Іс-шарада кезінде тағдыр тәлкегімен қазақ еліне келген барша этностардың қоныстануы туралы тарихи мәліметтер арқау болған «Бауырмал ел – Қазақстан!» тақырыбында театрландырылған-сахналық қойылым көрсетіліп, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған, қазіргі кезде алыс және жақын шет елдерде тұратын бірқатар азаматтардың тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік іс-шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.
2015 жылдың 15 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз — Алғыс айту күні болып бекітілді.
Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауына баланған қасиетті оңтүстік жерінде 100-ден астам этнос өкілдері жарасты ғұмыр кешіп, ортақ шаңырағымызды көркейтіп отыр. Ынтымағын – ырысқа, бірлігін – берекеге теңейтін өңірдегі ассамблеяның маңайына топтасқан 20 этномәдени бірлестік ел игілігі жолындағы түрлі бастамаларға қолдау көрсетіп, аймақтағы қоғамдық келісімді сақтауға лайықты үлес қосып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52