
02 Наурыз, 2016
1175
Алғыс айту күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жылы бастау алды
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «Біз мәңгілік жасаймыз!» форумы болып өтті.
«Бүгін біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жылының салтанатты басталуына жиналып отырмыз. Жыл бойы облыста осы мерейтой ұранымен 500-ден астам іс-шара өтеді. Таяу күндері «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 ізгі іс!» акциясы басталады, оның аясында 33-тен астам әлеуметтік нысандар ашылады. Индустрияландыру картасы жобалары іске қосылады, көптеген қайырымдылық акциялары және басқа да маңызды іс-шаралар өтеді», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков форумның ашылуында.
«Біз мәңгілік жасаймыз!» атты айтулы істер мен жарқын іс-шаралардың жылнама кітабы Тәуелсіздіктің 25 жылдығының символы болып белгіленді. Облыс әкімі сахнада өңірдегі мерейтой жылы басталуын бейенелейтін кітапқа алғашқы қолтаңба қалдырды. «Бұл кітап облыстың барлық қалалары мен аудандарын аралап шығады. Ол Қарағанды облысындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жылының шежіресіне айналады және 16 желтоқсанда бізге қайтып оралады», - деп хабарлады жүргізушілер.
Облыс басшысы аталмыш форумның Қазақстандағы жаңа мереке – Алғыс айту күнінде ұйымдастырылуының символикалық мәні бар екенін жеткізді. «Бұл мейрам Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі», -деп аяқтады өз сөзін Н. Әбдібеков.
Алғыс айту күні ҚР Президентінің Жарлығымен 1 наурызға кездейсоқ белгіленген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің атынан жиналғандарды «Полония» облыстық поляк қоғамның төрағасы Виталий Хмелевский Алғыс айту күнімен құттықтады. «Тарихтың ауыр кезеңдерінде респрессия мен ашаршылықта ұлтының үштен бірін жоғалтқан қазақтар, тағдыр талқысына ұшыраған бір жарым миллионға жуық ұлыс өкілдерін бауырына басты. Олар әкелеріміз бен аталарымыздың қайғысына ортақтасып, бір отбасының баласындай көрді. Өскелең ұрпақ қазақ жерін отаным деп өсті. Өзге этностар қазақ халқына алғыс айтудан шаршаған емес», -деп атап өтіп, барша халықтың атынан ризашылығын білдірді.
Мерекелік концертте облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысты.
Қарағанды облысының дамуына тікелей атсалысып жүрген өндірістік, ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындардың басшыларына да ерекше алғыс айтылды. Сондай-ақ, сахнаға тәуелсіздіктің құрдастары шақырылды.
Осы күні Қарағанды облысында өткізілген барлық іс-шаралар қазақстандықтардың бірлігі мен біртектілігін нығайтып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуға бағытталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады