27 Ақпан, 2019
4524
Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан бойынша 1,5 мыңнан астам түрлі іс-шара өтеді
28 ақпан күні сағат 12.00-де Астана қаласында Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өткізіледі.
Алғыс айту күні 1 наурызда – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні атап өтіледі. Мерекелеудің басты идеясы – қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті, ортақ тарихи жадының негізінде жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, ҚХА-дан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, қоғам қайраткерлері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Рәсімге қатысушылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері Алғыс айту күніне арнап дайындаған әдеби композиция ұсынылатын болады.
Анықтама үшін: «Қазақ еліне мың алғыс» монументін елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі орнатқан болатын. Ол қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған көптеген ұлттардың өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының мейірімділігін бейнелейді. Композицияның ортасында жас қазақ әйелінің әртүрлі этностардың өкілі болып табылатын 3 баланы қорғаштай құшақтап тұрған мүсіні орнатылған.
«Қазақ еліне мың алғыс» монументтері Алматы (Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы), Жамбыл (Масаншы селосы), Атырау (Махамбет ауданының Бейбарыс ауылы) және Ақтөбе (Ақтөбе қаласы) облыстарында, Шымкент қаласыңда бой көтерген.
Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан бойынша 3 мың 527 елді мекенде ұзын саны 1 570-ке жуық әртүрлі мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді. Оларға 1 млн. 400 мыңнан астам адам қатысады.
Дата события ассамблеи: 27.02.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті