Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2017

1027

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕ

Ақтау қаласының Н. Жантөрин атындағы драма театрында «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, бір-біріне құрмет пен сыйластықтың артуы.

Іс-шараны Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Оған Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, мәслихат депутаттары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, ҰОС ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, білім саласы мен денсаулық сақтау саласының мамандары, жеке кәсіпкерлер, меценаттар мен донорлар, «Жас қанат» жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстың құрметті азаматтары және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында облыс әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтап, сөз алды: «Алғыс айту күнінде Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.

Мерекелік концертте жас өнерпаздар мен әртістер әндер айтып, билер орындады. Олар барлық сала қызметкерлеріне, ардагерлерге, меценаттар мен қайырымгерлерге, ұйым өкілдері мен қоғам қайраткерлеріне алғыс айтып, бастарын иді. Ризашылықтың белгісі ретінде сыйлықтар тарту етті.

Кейін қарай