Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

939

Алғыс айту күніне арналған мерекелік шараның бірі, Маңғыстау облыстық кітапханасында өтті

Шара аясында Қазақстан кәрістері қауымдастығының «Ақтау қалалық» филиалының өкілдері мен «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің өкілдері 6656 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, мереке жайлы өз ойларымен бөлісті.

Атаулы датаның мәні өте тереңде жатыр, - дейді жиында сөз алған Қазақстан кәрістері қауымдастығының «Ақтау қалалық» филиалының төрайымы Райса Маденова.

- Алғыс айту күнінің ҚХА құрылған күніне тұспа-тұс келуі бұл кездейсоқ жайт емес. Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқандай, біз барлығымыз Ассамблея мүшелеріміз. Сондықтан да, біз бұл күнді барлық қазақстандықтардың бірлігі  күні ретінде қабылдап, өз деңгейінде атап өтуіміз шарт. Маңғыстаудағы кәрістер өз кезегінде қазақтарға ерекше алғысын білдіреді. Себебі, кәрістер қиын-қыстау кезеңде осы елді-мекенге қоныс аударғанда, жергілікті халық оларды ерекше ықыласпен қарсы алды. Біздің ата-бабаларымыз, бізге қазақтардың мейірімділігі мен қамқорлығын әрдайым айтып отыратын. Бүгінде Қазақстан біздің Отанымызға айналды. Мен осында тұратыныма мақтанамын. Біз барлығымыз бірлігі жарасқан бір отбасындаймыз,-  деді Р.Маденова.

Ал, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян жиынға қатысушыларды патриот болуға шақырды.

- Барлықтарыңыз Қазақстанда тұрып жатқандарыңызды мақтан тұтуларыңыз керек. Менің тарихи Отаным Армения болғанымен, мен Қазақстанды өз Отаным деймін. Мұнда менің балаларым, достарым, туған-туыстарым тұрады. Олардың барлығы бірлігі жарасқан Қазақстанның тұрғындары. Мен әрбір қазақстандықты өз Отанын сүюге шақырамын. Қызметтеріңізге табыс, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін, - деді А.Курдоглян.

Кездесу соңында кітапхана қызметкері Райхан Нағашыбаева барлық қатысушыларға өз алғысын білдірді. 

   

 

 

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай