03 Наурыз, 2018
812
Алғыс жауған күн
2018 жылдың 1 наурыз күні Құрманғазы мәдениет үйінде «Алғыс айту күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Атырау облысының мәдениет басқармасымен «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып табылады.
Облыс әкімі Н. Ноғаев: «Алғыс айту» мейрамы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. Бұл күнді «Алғыс айту күні деп Қазақстан Республикасы Президенті кездейсоқ белгіленген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні болатын. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі», – деді.
Салтанатты іс-шарада театрландырылған қойылым көрсетіліп, сахна төрінде бір отбасы мүшелернің «Татулықтың» астында айрандай ұйып отқан отбасылық кейіпіндегі драмалық қойылымы тамашаланды.
Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концертте облыстық филармония әншілері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті