Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Наурыз, 2016

956

Алаңда жайылған «Достық» дастарқаны

Петропавлда ұзындығы 25 метр «Достық дастарқанын» қала тұрғындары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірледі.  

Этномәдени орталықтар жиналған халыққа дәстүрлі мерекелік тамақтардан басқа түрлі ұлт тағамдары - бастырма, палау, драниктер, варениктер, ет және басқаларынан дәм татқызды!

Жақын жерде халық зергерлері өз бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Түске дейін сіркіреп тұрған жаңбыр да мерекелік көңіл-күйді бұзбады. Палаудан дәм татып, бауырсаққа тойған адамдар би билеп, әртістерге қосыла ән айтты.

Петропавлдың орталық алаңында «Тілектер ағашы» композициясы және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен этноауыл орнықты.

Астанада осы сәтте үстіне ұлттық шапан киген Президентіміз астана тұрғындарын халқымыздың бірлігі мен тыныштығының нышаны  – көктемнің жарқын да шуақты меркесімен құттықтап, этноаулды аралап серуендеп жүрді.

«Барлық қазақстандықтарды салт-дәстүрді сақтай отыра, тәуелсіздіктің 25 жылдығымен бірге келген көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл – барлық қазақстандықтар үшін ортақ мереке. Барлығымыз үшін жаңару күні, барлығымыз үшін көктем. Біз ерен еңбегімізбен жарқын болашағымызды құрамыз. Жастарымыз болашаққа сеніммен қарап, келешегіміз үшін еңбек етуі қажет. Артта қалмай, уақытпен, бүкіл әлемнің, экономиканың және адам өміріндегі барының жаңаруымен қатар жүру үшін жоғары біліктілік пен білім алуы тиіс», - деді өз сөзінде Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл күні барлық өкпе-ренішті кешіріп, тек жақсылық тілеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ ағаштар отырғызып, бұлақтарды тазартып, кедейлер мен мұқтаж жандарға көмек беріп, мейірімді болу керектігін сөз етті.

Петропавл тұрғыны Қайырлыбай Нұрмұқанов Наурызға өз домбырасын ала келіпті.

Қайрылыбайдың айтуынша әнге салып, адамдарға бейбітшілік, жақсылық пен бақыт  тілесең, олар міндетті түрде орындалады. Оған өзінің көзі жеткен.

Мерекелік бағдарлама кешке дейін созылды. Күні бойы бауырсақтар жеу және ең дәмді наурыз-көже әзірлеу бойынша конкурстар өтті, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар болды. Балалар үшін қуыршақтармен ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

 21-22 наурыздағы бағдарлама жарқын да жайдарлы болды. «Бауырсақ-фэст» акциясы өткізілді, қонақтар алдында бауырсақтар пісірілді. Сонымен қатар ұлттық костюмдер дефилесі, киіз үйлер конкурсы, ақындардың өңірлік айтысы, сондай-ақ ойын-сауық, отбасылық бағдарламалар ұсынылды.

   

   

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай