28 Наурыз, 2017
1203
Қалалық сенбілік өткізілді
25 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті.
Сенбілік барысында «Ақбота» саябағында раушан гүлдері, талдар және көшеттер отырғызылды. Аталмыш іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
«Ақтау қаласы күннен күнге дамып келеді, халық саны көбейіп, жаңадан тұрғын үйлер салынып, балалар ойнайтын алаңдар тұрғызылуда. Осының бәрі халық үшін жасалуда. Әрбір қала, ауыл тұрғындары елді мекендерді аббатаныдырып, гүлдендіруге өз үлесін қосып жатырғаны көзді қуантады»,- деді өз сөзінде «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Михайловна Биркле.
Ақтау қалалық әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі сенбілікке 30 арнайы техника, 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 15000 тал, 20000 көшет, 4000 дана раушан гүлі отырғызылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Aлматы қалалық филиалының төрағасымен кездесуі өтті
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті