17 Қазан, 2017
2136
АЛЬБЕРТ ПАВЛОВИЧ РАУ «НЕМІСТЕРДІҢ «ВОЗРОЖДЕНИЕ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
17 қазан күні Астана қаласында Қазақстан немістерінің жалпыұлттық конференциясы болып өтті.
Конференцияға оның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, Германия Федералдық үкіметінің аз ұлттар істері жөніндегі уәкілі Хартмут Кошик, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мафаэль Рольф қатысты.
Жалпыұлттық конференцияға қатысушылар немістерді жұмылдыруды және олардың қоғамдық қозғалысын нығайтуды, оның заманауи қазақстандық социумға кірігуін көздейтін, неміс қауымының 2021 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын талқылады. Жастардың ана тілінен айырылуы сияқты неғұрлым өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, қор қызметінің – мәдени бірегейлік пен тілді сақтау, қоғам өміріне барынша көп немістерді, соның ішінде ел ішіндегі, сондай-ақ Қазақстаннан шыққан кәсіпкерлерді тарту сияқты басым бағыттары айқындалды.
Конференцияға 14 өңірден 197 делегат келіп қатысты.
Іс-шара шеңберінде «Немістердің «Возрождение» қазақстандық қоғамы» қоғамдық қорының басшылық органы сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Павлович Рау бірауыздан оның төрағасы болып сайланды.
Конференция шеңберінде делегаттар мен қонақтарға «Қазақстанның аты белгілі немістері» циклымен шыққан, көрнекті жазушы, әдеби сыншы және аудармашы Герольд Карлович Бельгерге арналған бірінші кітап тарту етілді. Оны көпшілікке таныстырған кітап авторы - Владимир Андреевич Ауман.
Конференция қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің латын графикасына көшірілуін қолдау туралы Мемлекет басшысына үндеу қабылданды.
***
Бүгінгі таңда республикада шамамен 180 мың неміс тұрады. Қазақстанның біртұтас халқының ажырағысыз бөлігі болып табыла отырып, немістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» және «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бастамаларының іске асырылуына өз үлестерін қосуда.
Дата события ассамблеи: 17.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35