22 Шілде, 2022
626
Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі «Бесік жыры» байқауын өткізді
Алматы қаласының аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында бесік жырының сайысын өткізді.
Байқауға аналар кеңесінің белсенді мүшелері, сондай-ақ жастар өкілдері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық отырысында ұсынылды.
Осылайша, Алматы қаласының аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының жол картасы аясында бесік жырының конкурсын жариялады. Байқауға этномәдени бірлестіктердің аналар кеңестерінен тоғыз өтінім келіп түсті, олардың ішінде: күрд, түрік, ұйғыр, поляк, неміс, Қырым татарлары, әзірбайжан, түрікмен орталықтарының Аналар кеңестері және «Ассамблея жастары» РҚБ. Байқаудың басты мақсаты отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу болды. Байқауға қатысушылар өздерінің ана тілінде бесік жырын орындады және мұның бәрі алдын-ала дайындалған бейнероликте көрсетілді. Әр орталық өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, өз халқының мәдениетін көрсете алды.
Осылайша, бүгін Алматы қалалық Достық үйінің қабырғасында байқаудың қорытындысы шығарылды. Барлық қатысушылардың арасынан қазылар алқасы 9 үздік жұмысты таңдап, номинациялады, оларға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар берілді. Айта кету керек, қатысушылар арасында әр түрлі жастағы өкілдер болды, мысалы, қатысушылардың бірі түрікмен мәдени орталығының өкілі, 10 шөберенің әжесі болды. Бұл-ұлттық құндылықтар сабақтастығының кейінгі ұрпаққа жарқын үлгісі. Байқауға қатысушылар өздерінің жағымды эмоцияларымен бөлісіп, бұл байқау олардың әрқайсысына ана махаббаты мен мейірімін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Біз бұл байқауға өте жауапкершілікпен қарап, әр орталық өзінің ұлттық нақышын бесік жыры арқылы көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ, біз жастарымыздың белсенді болып, жобаларымызды қолдайтынына қуаныштымыз. Алдымызда бұдан да қызықты әрі танымды іс - шаралар күтіп тұр», - деп атап өтті Алматы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Исраилова Махинур Вилямовна.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 21:37