Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Маусым, 2015

1078

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық XXI сессиясы өтті

2015 жылғы 3 маусымда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Қалалық ҚХА «Бір халық, бір болашақ» сессиясы барысында 2015 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында жүктелген міндеттемелер мен тапсырмаларды іске асыру жолдары талқыланды. 

2015 жылғы 3 маусымда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Қалалық ҚХА «Бір халық, бір болашақ» сессиясы барысында 2015 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында жүктелген міндеттемелер мен тапсырмаларды іске асыру жолдары талқыланды. Сессияға Алматы қаласының әкімінің орынбасары Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы, ҚХА Төраға орынбасары Ни Любовь Августовна, жазушы Смағұл Елубай, Алматы қалалық ҚХА хатшылық жетекшісі Әбдәлиева Маргарита, Алматы қалалық ҚХА төраға орынбасары Ахмадулла Васток, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Көбеева Алтынай, Алматы қалалық маслихат депутаттары Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы, Алшанов Рахман Алшанұлы, Сәрсенбай Қали, Оспанов Болат, Алматы қаласының бас имамы Есмағанбет Нұрбек, Олимпиада чемпиондары Үшкемпіров Жақсылық, Майя Манеза, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ҚХА депозитариясы қызметкерлері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және ЭМБ жастар қанаттары қатысты. Сессия барысында Алматы қаласы ҚХА төраға орынбасары Ахмадулла Васток бір жылда атқарылған жұмыстарының есебін беріп, баяндама жасады. Алматы қаласы ХХI сессия Қаулысы бойынша жаңа Алматы қаласы ҚХА төраға орынбасарлары сайланды. Олар «Ахыска» Түрік Ұлттық орталығының төрағасы Касанов Усеин Исмаханович пен «Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович. Сессия соңында этномәдени бірлестіктердің жастары ұсынған шағын мерекелік концертпен аяқталды.

Кейін қарай