07 Қараша, 2025
35
Алматы қаласында «BERBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақ құру» атты дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 7 қарашада Алматы қаласында Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының медиа жобаларын дамытуға арналған «BERBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақ құру» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қауымдастық Басқарма кеңесінің төрағасы, ҚХАКеңесінің мүшесі Рафик Мирзоев, Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы Азиз Алиев, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтардың өкілдері, журналистер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – заманауи медиа мен мәдени бастамалар арқылы этносаралық диалогты дамыту және гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайту.
Жиын басталар алдында қатысушылар қауымдастықтың көрмесімен танысты. Экспозицияда күрд этносының бай тарихы мен рухани мұрасын бейнелейтін мұрағаттық фотосуреттер, газет пен журнал нұсқалары, сирек кездесетін басылымдар мен мәдени материалдар ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында этникалық БАҚ-тың дамуы, мәдени дәстүрлерді сақтау және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Барбанг» қауымдастығының ақпараттық бастамалары көптеген жылдар бойы Қазақстан этностары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, мәдени мұраны насихаттауға және жастарды патриотизм мен өзара құрмет рухында тәрбиелеуге айтарлықтай үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Іс-шара аясында жаңа «BERBANG-INFO» ақпараттық порталының тұсаукесері өтті. Бұл платформа мәдени, білім беру және қоғамдық бастамаларды жариялауға, түрлі этнос өкілдерін біріктіріп, бірлік, төзімділік пен жасампаздық идеяларын ілгерілетуге бағытталған.
Талқылаудың жеке бағыты қазіргі медиа кеңістіктегі этноБАҚ-тың рөліне арналды. Республикалық «Жийана Курд» газеті – Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы, соңғы отыз жыл бойы күрд этносының өмірі мен жетістіктерін жариялап, ел дамуына қосқан үлесін насихаттап келе жатқан маңызды ағартушылық басылым екені атап өтілді.
«Еркін микрофон» форматында жастар мен сарапшылар медиа жобалардың қоғамда оң көзқарас қалыптастырудағы, мәдениетаралық байланыстарды нығайтудағы және жастардың шығармашылық бастамаларын қолдаудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.
Өз сөзінде Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени БАҚ дамуын ұлттық бірлікті нығайту стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын атап өтті: «Мұндай әрбір жоба қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімге қосылған үлес болып табылады. Біз дәстүрді сақтай отырып, өзара құрметке, түсіністік пен сенімге негізделген болашақты қалыптастырамыз».
Іс-шара соңында қауымдастықтың баспасөз-қызметі мен БАҚ саласындағы белсенділері мен ардагерлері марапатталды. Олар медиа бағыттың дамуына, этникалық бірегейлікті сақтауға және қоғам бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА-ның алғыс хаттарымен және төсбелгілерімен құрметтелді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті