06 Қараша, 2025
43
Алматы қаласында «Бірлігіміз - әралуандықта» атты дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 6 қарашада Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз - әралуандықта» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Республикалық Достық үйі Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Алматы қаласындағы Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Огузхан Абдулкарим, орталықтың құрметті төрайымы Гүлнара Аннакулиева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың, жастар ұйымдарының, мәдениет және білім саласының өкілдері қатысты.
Кездесу басталар алдында қатысушылар түрікмен шеберлерінің ұлттық өрнек, кілем тоқу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық туындылары қойылған қолөнер көрмесімен танысты. Экспозиция көрермендерге түрікмен этносының бай мәдениетімен, дәстүрлерімен жақынырақ танысуға, сондай-ақ осы ерекше мәдениетке тән қонақжайлылық пен жылылықты сезінуге мүмкіндік берді. Шараның шығармашылық бөлімі қазақ және түрікмен этностың дәстүрлі әуендері мен билерін қамтыған, мәдени бірліктің және достықтың жарқын көрінісі болған концерттік бағдарламаға ұласты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығын 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның қоғамдық келісімді нығайту мен мәдени мұраны сақтау ісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Ол Ассамблеяның 30 жылдығы - бұл тек тарихи дата ғана емес, ел бірлігінің және өзара құрмет пен сенімге негізделген жолдың символы екенін ерекше атап өтті. Ассамблея бүгінде мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың тиімді алаңы, тұрақтылық пен келісім институты ретінде қалыптасқанын айтты.
Дөңгелек үстел барысында Огузхан Абдулкарим мен Гүлнара Аннакулиева, түрікмен жастарының өкілдері сөз сөйлеп, жүзеге асырылып жатқан мәдени және әлеуметтік жобалар, қайырымдылық акциялары, білім беру бағдарламалары, жастар бастамалары және қазақ пен түрікмен этностарының рухани байланысын нығайтуға ықпал ететін дәстүрлі Мақтымқұлы поэзия күні туралы баяндады.
Іс-шарада этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосқан қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісі мен алғыс хаттарын табысталды.
Кездесу соңында қатысушылар Қазақстанның рухани және мәдени әралуандығы - қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен бірліктің берік іргетасы екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті