Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Шілде, 2015

2926

Алматы қаласының Бірінші Офицерлер кеші

2015 жылдың 29 шілдесінде «MEGA Park» СОО ауласында Алматы қаласы Қазахстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің және «MEGA Park» СОО басшылығының қолдауымен, Алматы қаласы әуе қорғанысы командасының ұйымдастыруымен ҚХА-ның 20 жылдығына және ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін мемлекеттік қызмет имиджін арттыруға бағытталған патриоттық іс-шара өтті.

2015 жылдың 29 шілдесінде «MEGA Park» СОО ауласында Алматы қаласы Қазахстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің және «MEGA Park» СОО басшылығының қолдауымен, Алматы қаласы әуе қорғанысы командасының ұйымдастыруымен ҚХА-ның 20 жылдығына және ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін мемлекеттік қызмет имиджін арттыруға бағытталған патриоттық іс-шара өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы халқы бірлігінің, елдің қауіпсіздік күштері бірлігінің айқын көрінісі болды. Кеш барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясының күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша «Бір халық, бір ел, бір тағдыр»  ұраны қолданды. Кештің мақсаты: «Үлкен ел – үлкен отбасы» ұлттық-патриоттық жобасын бастау және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуге Алматы халқының назарын аудару. Мерекелік кешке әскери ұйымдардың басшылары және құқық қорғау органдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының мәдениеті және спортына еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты.

  

  

  

  

Кейін қарай