14 Сәуір, 2017
945
Алматы экономика және статистика академиясында «Жастар және ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
2017 жылғы 14 сәуірде Алматы экономика және статистика академиясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея қазақстандық қоғамның даму негізі» тақырыбында «Жастар және ғылым» Халықаралық ғылыми-
практикалық конференциясы өтті. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшы тобымен бірлесе өткізілген конференцияның мақсаты студент жастарының арасында диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады. Диалог алаңы полиэтникалық қоғам үлгісін құруға бағытталған ҚХА қызметін талқылауға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын талқылауға, сонымен қатар гүлденіп жатқан Қазақстанды дамытудағы жастар рөлін арттыруға бағытталған. Пленарлық отырыста баяндамамен сөз сөйлегендер Алматы экономика және статистика академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Еуразия технологиялық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынас акадеямиясы, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері болды. Пленарлық отырысқа: АЭСА оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор Бекенова Лидия Молдабаевна, АЭСА инновация және технология бойынша проректор Мухамбетов Дауыт Галымжанович, Алматы қаласы ҚХА Төрағасының орынбасары, «Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы корей ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшы кеңесінің мүшесі Кан Георгий Васильевич, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев Всеволод Анатольевич, Алматы қаласы ҚХА ҒСТ мүшесі, PhD докторы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Айтымбетов Нуркен Искакович қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды