Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2023

530

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: КЕЛІСІМ. БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ» атты кезекті ХХVІІІ-ші сессиясы өтті

2023 жылдың 27 маусым күні Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: КЕЛІСІМ. БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ» атты кезекті ХХVІІІ-ші сессиясы Қонаев қалалық мәдениет үйінде өтті.

Маңызды шараға Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы, ҚХА мүшелері мен белсенділері, облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық және аудан, қалалық Ақсақалдар, Аналар кеңесінің, этномәдени орталықтардың төрағалары, Қоғамдық келісім қызметкерлері, республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІІ-ші сессиясында берген тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттерді саралау,Облыс аумағындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, медиацияны, қайырымдылықты дамыту.


Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы - Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының төрағалығымен өткен сессия барысында Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Елеусізова Бота Серікқызы облыс көлеміндегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

«Қазақстан орыс славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Котельникова Лариса Леонидовна өз сөзінде этномәдени орталықтардың жұмыстары туралы тоқталды.

Алматы облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асиев Шахисмаил Ахметович қайырымдылық көмек көрсету әр азаматтың парызы екенін әрқашанда бірі-бірімізге қолдау көрсету қажет екенін айтты.


Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, «Жетісу» телеарнасының журналисі Қызайбай Гүлжан Ерікқызы Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына ауыстырылғандықтан телерадио компаниясын ашу туралы өз ұсынысын білдірді.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысындағы өкілдігінің мүшесі Улжаева Ирина өзі қазақ бастауыш сыныбының мұғалімі болғандықтан қазақ тілін дамытуға бар күш жігерін салып шалғай ауылдарда тұратын жастардың қазақ тілін, салт-дәстүрін, ұлттық мұрағатын жетік меңгеруіне өз үлесімді қоса отырып, ұрпақ тәрбиесінде және еліміздің болашағы жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында қызмет ететіндігін айтты.

Сессия жұмысының соңында Алматы облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы қоғам қайраткерлерімен ҚХА мүшелерін марапаттады.


Кейін қарай