
10 Қаңтар, 2023
659
Алматы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің алғашқы отырысы
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы барлық деңгейдегі 149 Аналар кеңестері қоғамдық тұрақтылықты сақтауда жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен ерлі-зайыптылардың ажырасуының алдын алу және отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді.
2023 жылғы 6 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданында облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры М.Илиповтың қолдауымен Аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Г.Жошыбаеваның қатысуымен өткен отырыстың мақсаты былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, биылғы жылдың жұмыс жоспарын нақтылап, алдағы мақсат-міндеттерді айқындау болды.
Қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту және отбасылық, рухани тәрбие мәселелері сөз болған отырыс барысында Еңбекшіқазақ аудандық Аналар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы мағлұматқа қаныққан Гүлнар Сағатқызы қатысушыларды қоғамда отбасылық құндылықтардың, отбасы институтының маңыздылығын, әйел мен ананың, болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбие берудегі ата-аналардың рөлін арттыру мақсатындағы «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұжырымдамасымен кеңінен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жергілікті Аналар кеңесі мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ, аудандық Аналар кеңесіне ағымдағы жылы аталған тұжырымдаманың «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы», «Бақытты ана – бақытты отбасы», «Тұғырлы отбасы - бақытты балалық шақтың бастауы», «Жақсылыққа жетелейтін жандар» бағыттарын қамти отырып, облыстық деңгейде ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тапсырма берді.
Жиын соңында Г.Жошыбаева Кеңес Одағының батыры Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің кітапханасына облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан Ассамблея жайлы және балаларға арналған ертегі кітаптарды тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді