03 Желтоқсан, 2021
429
Алматы облысында Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» атты отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аналар кеңестері біздің ұлттық құндылықтарымыз жаңғыртылып, жас ұрпаққа берілетін өзіндік мектепке айналғанын атап өткен болатын.
Панфилов ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» атты отырысы өтті.
Іс-шара аясында Жаркент Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ғимаратында ауданның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қолданбалы өнер бұйымдарынан, ұлттық тағамдардан, музыкалық аспаптардан көрме ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру мәселесі тұрды. Отырыс жұмысына аналар және қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, медиаторлар, Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Аналар кеңесінің өкілдері ағымдағы жылы атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Аналар кеңесі Ассамблеяның негізгі құрылымдарының бірі болып табылады және өз қызметін облыстың әрбір елді мекенінде жүзеге асырады.
Сондай –ақ, Медиация, этномедиация институты туралы медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Бақыт Шыңғаева өз баяндамасында егжей-тегжейлі айтып берді. Қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтудағы Медиация - Ассамблея жұмысындағы маңызды бағыт бірі екенін атап өтті.
Іс-шара белсенділерді алғыс хаттармен марапаттаумен және жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05