28 Мамыр, 2024
333
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, №24 лицейде «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі»тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Шараны «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысының орынбасары Тәңірбергенова Айымжан Кәріпжанқызы ашты.Өз сөзінде этносаралық қатынастардағы дамудың негізгі кезеңдері, әлеуметтік-тұрмыстық шиеленістердің этносаралық қарым-қатынастағы шиеленістен, айырмашылығы, түсініспеушілікке ықпал ететін факторларды сондай-ақ,оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі туралы атап өтті.

Шараға ҚХА мүшесі, Республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Пулатов Шерзод Аббозович «Этносаралық және мәдениетаралық даулардағы медиация» тақырыбында және Шалбулова Күлпәш Жаниязқызы «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында пікір білдірді. Шараға Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-ң Медиативтік келісімді үйлестіру бөлімінің басшысы Надырбекқызы Мадина, аудандық ақсақалдар, аналар кеңесі, медиация мүшелері, ЭМБ мүшелері, жастар, ҮЕҰ, әкімшілік, партия мүшелері, ,ҮЕҰ,қоғамдық қызметкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті