03 Маусым, 2019
3327
Алматы облысында саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы облысын Талғар ауданының Жаңалық ауылында Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті.
Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнін арнайы шаралармен атап өтіп келеді.
Биыл Алматы облысында құрбандарды еске алу мақсатында 30 көлемді іс-шара ұйымдастырылып, оған 7000-ға жуық облыс тұрғыны қатысты.
Аталған шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Абдуалиев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, Ассамблея мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, Аналар, қоғамдық келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және жастар қатысты.
Митингке қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, Талғар аудандық мешітінің бас имамы жазықсыз қаза болған жандарға құран бағыштады.
Шара соңында келген адамдарға арнай дастархан жайылып үлкен ас берілді.
Айта кетсек, осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы, дейді шараны ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті