07 Қараша, 2025
63
Алматыда «Ахысқа» республикалық түрік газетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
2025 жылғы 7 қарашада Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ахысқа» республикалық түрік газетінің 25 жылдығына және «TürkBirliği» журналының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ахысқа» Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасары Расул Ахметов, «Ахысқа» Түрік этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Зиятдин Касанов, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мерейтойлық іс-шара қолөнер көрмесінен басталды. Қонақтар халық шеберлерінің туындыларымен танысып, түрік этносының дәстүрлері мен заманауи өнер үрдістерінің үйлесімін тамашалады. Мерекенің жылы да әсерлі атмосферасын дәстүрлі әуендер мен заманауи композицияларды орындаған вокалдық және би ұжымдарының концерті толықтырды.
Өз сөзінде Марат Әзілханов «Ахысқа» газеті мен «Türk Birliği» журналын Қазақстандағы түрік этносының рухани өмірінің нағыз шежіресі деуге болатынын атап өтті. Жылдар бойы бұл басылымдар еліміздің ақпараттық кеңістігінде лайықты орын алып, қоғамдық-саяси оқиғаларды тұрақты түрде жариялап, мемлекеттік бастамаларды қолдап, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Іс-шара барысында этникалық басылымдардың өкілдеріне Қазақстанхалқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгілері мен алғыс хаттары табысталды. Бұл марапаттар олардың мәдениетаралық диалогты дамытуға және мәдени мұраны сақтауға қосқан елеулі үлесін мойындау ретінде берілді.
Мереке қатысушылардың естелік фотосуретке түсуімен және жылы жүздесумен аяқталды. Ресми емес әңгіме барысында басылым ұжымдарына ризашылық сөздері айтылып, кәсібилік пен қоғам алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып отырған ақпарат құралдарына табыспен жаңа шығармашылық жетістіктер тіленді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті