12 Қыркүйек, 2025
5
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі - бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық форумы өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Форумға ҚХА Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, Алматы қаласы мәслихатындағы «Ынтымақ» депутаттық тобының жетекшісі Қарашаш Жүзеева, Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Сұлушаш Досболова, сондай-ақ өңірлік Аналар кеңестерінің төрағалары мен кураторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Форумның мақсаты - отбасын нығайту, жастарды тәрбиелеудегі аналардың рөлін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Шара қатысушыларға өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді сақтау және маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу тақырыптарын талқылауға ашық алаң ұсынды.
Пікірталастар барысында ҚХА-ның «Салауатты сана» атты қоғамдық жобасын жүзеге асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес, вандализм мен ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері қаралды. Қатысушылар осы бағыттардағы өңірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Форумда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің Аналар кеңесінің қызметімен байланысына ерекше назар аударылды.
Шара барысында Республикалық Аналар кеңесі мен «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Форум соңында Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы Аналар кеңестерінің төрағаларына Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанайдың атынан алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48