
01 Мамыр, 2017
998
Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған іс-шара өтті
Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара барысында қазақ эстрада жұлдыздары мен этномәдени бірлестіктер өкілдері өнер көрсетті. «Атамекен» бағдарламасында Парвиз Назаров «Жаса Казахстан!» Қайрат Нұртас «Мен, сен, бәріміз», «Сарын» тобы «Отаным менің» әндерін орындады. «Намсон» тобы корей биін, «Райс» шоу балеті Шахноз Матназаровтың өзбек биін, Арменияның Найли тобы армян биін биледі және басқалар да өнер көрсетті. Іс-шара барысында өнер көрсеткендердің қатарында «Турецкийдің хоры» тобы бар. Ал «Мереке әндері» ұлттық караоке сахнасында қазақ әндері айтылды.
Мереке барысында әрбір этномәдени бірлестік өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, көрсетіп, түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Көрмелерге қойылған ұлттық киімдер, қолданбалы декоративті қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар ерекше көз тартады. Көрермендер үшін шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған.
Ұлттық ас мәзірі фестивалі Қазақстан халықының ұлттық тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар фудкорт аймағы да ұйымдастырылып, мұнда мерекеге келгендер түрлі этнгостардың ұлттық астарынан дәм татты.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын қала әкімі Бауыржан Байбек құтықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде Қазакстанның тәуелсіздігі жылдары қолжеткен табыстар біздің халқымыздың бірлігі мен келісімінің нәтижесі екендігін атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтық жеке тұлға ретінде біз ұлтты қалыптасырып келеміз. Қазақстан халықтары Ассамблеясының өткен сессиясында Мемлекет басшысы айтып өткендей, бірыңғай ұлт дегеніміз – Қазақстанның барлық азаматтры. Біздің Конституциямыз ұлтына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға тең құқық береді. Азаматтық тұлғаның қалыптасуында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея қозғаушы күш болып тпабылады. Алматы ірі мегаполис болумен қатар көпэтникалық қала болып табылады. Мұнда 100-ден астам этнос тұрады. Біз ару қаламызды сондықтан мың боуялы қала деп атаймыз. Ұлтаралық келісімге, әр ұлттың мәдениетін одан әрі дамытуға ерекше мән береміз.Түрлі ұлттың мәдениетіне, дініне ашық қаланы ғана заманауи қала деуге болады», - деді Б.Байбек.
Алматы әкімі Елбасы бастамасының меценаттық аспектілері ретінде «Туған жер» немесе «Кіші Отан» тұжырымдамаларын атап өтті.
«Алматылықтар үшін қайырымдылық жақсы дәстүрге айналды. Тек соңғы жылдардың өзінде ғана демеушілер қаржысы есебінен қалада 100-ден аса балалардың спорт алаңдары, бала бақшалар, Медеу ауданында мектеп салынды. Тағы бір мектеп пен емхана құрылысы аяқталып қалды. Алматының 1000- жылдығы аясында «1000 қайырымды іс» атты үлкен акция жүзеге асты. Ардагерлерге, мүгедектерге, жетімдерге көмек көрсетілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясының тарапынан да қайырымдылық істері кең қанат жаюда. Тек өткен жылдың өзінде ғана этно-мәдени бірлестіктер «Қайырымдылық көші» акциясы аясында 100 мыңнан астам адамды қамтыған 90-на астам шаралар өткізді. Ассамблея «Қамқор», «Мектепке жол», «Қарт адам күні», «Шын жүректен» атты қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп келеді» - деді қала басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді