01 Маусым, 2022
695
Алматыда «Қазақстандағы Балалар жылы» аясында 1 маусым мерекесі аталып өтті
Бүгін, 1 маусым, Алматыда Қазақстандағы балалар жылы аясында Балаларды халықаралық қорғау күні аталып өтілді.
Мерекелік іс-шараға «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Абдулхалил Долкунтай, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шахисмаил Асиев, «ATA YURD – NOMAD» әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Сүлейман Ахмедов, кішкентай бүлдіршіндер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй мен естелік болып қалатын қуаныш сыйлау болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 ұл мен қыз сыйлықтар алып, аниматорлармен шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қазақстандық қоғамның маңызды міндеті болып табылады және балалардың қажеттіліктері мен проблемаларына ерекше назар аудару қажет.
«Осы қуанышты мерекеде сіздерге бақыт пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Балаларды қорғау күні – жаздың шуақты мерекелерінің бірі. Біз әрқашан балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бақытты балалық шақтарын қорғауымыз керек. Әсіресе, қазіргі тұрақсыз заманда ерекше назар аудару керек. Өйткені олар біздің болашағымыз», – деді Абдулхалил Долкунтай.
Айта кетсек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті