01 Маусым, 2019
7027
Алматыда балаларды қорғау күні атап өтілді
Алматы қаласының Достық үйінде Балаларды қорғау күнінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, балалар үйі мен қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты танымдық ойын-сауық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты қайырымдылық, рақымшылық пен мейірімділік сынды адами құндылықтарды тәрбиелеу және қоғамда қайырымдылықты дәріптеу болып табылады.
Сонымен қатар 31 мамырда балаларға арналған мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік серіктесі болып табылатын Қазақстан жазушыларының кітапханасында өтті. Бұл іс-шараға көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ дарынды балалар қатысты. Бүлдіршіндермен кездесуге Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблесы төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров, белгілі қазақстандық жазушылар – «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер, ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Есей Жеңісұлы, «Әлем халықтары жазушылар одағы» ҚБ президенті Қайрат Дүйсенов және жастар қатысты.
Іс-шара кітапхана алдындағы алаңда «Әрқашан күн сөнбесін!» атты жас суретшілердің көрмесі және «Алматы менің сүйікті қалам!» тақырыбында асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды. Балалар асфальт бетінде түрлі-түсті борлармен Алматы қаласының көрнекті жерлерін салды.
Сондай-ақ жас жеткіншектер арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Жас көрермендер «Балалар әдебиетінің інжу-маржандары» атты балаларға арналған әдебиет көрмесімен танысты.
Меркеде бүлдіршіндер жазушылармен сұхбаттасып, оларға өздерінің қызығушылықтары туралы әңгімеледі.
Алматы қаласының мектеп оқушыларының шығармашылық ұжымдары қонақтардың алдында өнер көрсетті. Сондай-ақ мереке аясында балалар үшін «Әдеби қаһармандардың шеруі», «Мақал-мәтелдердің білгірі» ойындары, «В гостях у сказки» викторинасы сынды әдебиеттік байқаулар мен ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында алғыс хаттар, байқаулар жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 30 балаға спорттық киімдер алуға арнайы сертификаттар берілді. Мерекеге келген балаларға балмұздақтар таратылды.
1 маусымда кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығы мен жетім балалар үйінің 60 тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара Алматы қаласындағы Достық үйінде жалғасын тапты. Оны Алматы қалалық ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ, «Жаңғыру жолы» РЖҚ бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекеде түрлі байқаулар ұйымдастырылып, балалар үшін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт қойылды. Аниматорлар түрлі фокустар, викториналар, сабын көбіршіктерімен және түрлі ойындармен балалардың көңілдерін көтерді, сондай-ақ әртістер цирктік нөмірлер қойды.
Ойын-сауық бағдарламасының соңында барлық бүлдіршіндерге мерекелік дастарқан жайылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37