
28 Қазан, 2024
226
АЛМАТЫДА БЕЛЬГЕРДІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
Алматы қаласында «Возрождение» немістер қауымдастығы» ҚҚ Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған Герольд Бельгердің туғанына 90 жылдығына орай еске алу іс-шаралары өтті.
Еске алу іс-шаралары Алматы қаласының Достық үйінде жоғарғы оқу орнының студенттерінің қатысуымен «Тоғызқұмалақ» турнирінен басталды, кейін «Неміс үйінде» жалғасып, Г.Бельгер оқулары сайысы туралы бейнеролик көрсетіліп, бірқатар қатысушылар өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, қонақтар «DAZ» этникалық газетінің редакциясына барды.
Іс-шараның ресми ашылуы Герольд Бельгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінде өтті, қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
Еске алу рәсімінің ресми ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Болгерт, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Г.Бельгердің әйелі Раиса Хисматулина, шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының, этномәдени орталықтардың өкілдері, жастар, т.б. қатысты.
Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың, мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның атынан жолданған арнаулары оқылды.
М.Әзілханов өз алғы сөзінде Г.Бельгердің қазақ және шетел әдебиетіндегі орнын, оның адамгершілік миссиясының маңыздылығын, сондай-ақ халқымыздың бірлігін нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Сондай-ақ, ол Герольд Карловичтің барлық шығармалары мәдениеттердің өзара түсіністігі мен өзара байытылуына, біздің елімізде мекендеген барлық этностардың достығы мен бірлігіне бағытталғанын есте сақтау маңызды екенін атап өтті.
Депутат Е.Больгерт өз сөзінде неміс қоғамдастығының негізгі басымдығы Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу екенін атап өтті. «Ал мемлекет пен қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру басты міндет болып табылады», - деп түйіндеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті С.Ананьева жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды.
Іс-шаралар шеңберінде Г.Бельгердің тұлғасы мен шығармашылығы туралы фотокөрме ұйымдастырылды, Республикалық академиялық неміс драма театрында Г.Бельгердің 90 жасына орай пошта маркасының тұсаукесері өтіп, кездесу-еске алу кеші мен «Кішкентай патша» пьесасы қойылды.
Сондай-ақ Г.Бельгердің әріптестерімен, достарымен және туыстарымен кездесу өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
-
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
-
Қарағанды облысында ҚХА Аналар кеңесінің Республикалық отырысы өтті
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
17 Қыркүйек, 18:23
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
17 Қыркүйек, 18:15
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
17 Қыркүйек, 18:09
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
18 Қыркүйек, 20:05
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
-
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
-
Қарағанды облысында ҚХА Аналар кеңесінің Республикалық отырысы өтті
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті