10 Қазан, 2025
73
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
2025 жылғы 10 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметтерінің мамандары, медиаменеджерлер, журналистер мен блогерлер қатысты.
Жиынды ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев ашып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы айрықша рөліне тоқталды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының төрағасы Бибігүл Жексенбай этноБАҚ қызметін, кәсіби стандарттарды жетілдіру бойынша өз ой-пікірін білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Бағдарлама этносаяси терминологияны дұрыс қолдану, жаңа медиа мен цифрлық технологиялардың этножурналистикаға, антикризистік PR-ға әсерін қамтыды. Сондай ақ, қатысушылар М.Барманқұлов атындағы телестудия мен университет музейін аралады.
Кездесудің қорытындысында ҚХА Журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында кәсіби ынтымақтастықты дамыту және бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты