23 Мамыр, 2024
335
Алматыда ҚХА ЭМБ өкілдері ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру жолдарын талқылады
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ҚХА республикалық және қалалық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы Ю. Шин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» РҚБ мен этноБАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері, этномәдени бірлестіктердің қызметі, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов өз сөзінде өңірдің Этномедиация, Аналар кеңесі және ҚХА жастар қанаты бойынша белсенді жұмысын атап өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қайырымдылық жобалары туралы айтып, еріктілер мен жастардың өңірлік ҚХА-дағы үйлесімді жұмысын атап өтті.
Айта кету керек, жақында ҚХА су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша «Жүректен жүрекке» республикалық акциясын өткізді. М.Әзілханов осы жобаға қатысқан барлық қамқор азаматтарға алғысын білдірді.
Кездесуде сондай-ақ ҚХА Төрағасының орынбасары – Қазақстанкорейлері қауымдастығының төрағасы Ю.Шин, «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығы жастар қанатының төрағасы М.Тағиров, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Н.Микаелян және «Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Г.Аннакулиева сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша этносаралық қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37