04 Маусым, 2021
534
Алматыда ҚХА мүшелері ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Тәуелсіздік рәміздері" тақырыбында ҚХА мүшелерінің кездесуі өтті.
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Достық үйімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Р. Есенбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қоғамдық келісім" РММ Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлтекова Н.А, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы "Жаңғыру жолы" МД мүшелері қатысты.
- Біз, алматылықтар, мемлекеттік рәміздердің, сондай-ақ Конституцияның, ұлттық валютаның Алматыда бекітілгенін мақтан тұтамыз. Бұл - туған өлкеміздің және бүкіл еліміздің тарихының алтын беттері, - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Р. Есенбеков.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ю.Шин барлық қазақстандықтарды осы маңызды күнмен құттықтап, Тәуелсіз Республиканың әрбір азаматы үшін бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері А.С.Уалтаева ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы танымдық презентация жасады.
Іс-шара ҚХА мүшелеріне естелік төсбелгілермен марапаттаумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32