Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Тамыз, 2024

201

АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ

Алматы корей ұлттық орталығының 35 жылдығына (АКҰО) арналған корей мәдениеті күні Алматыдағы «Мега» сауда орталығының амфитеатрында аталып өтті.

Қазақстан корейлерінің этникалық мәдениетін сақтауға, корей қоғамдық ұйымдарының дамуын қолдауға, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, достықты, бейбітшілік пен келісімді арттыруға бағытталған салтанатты мереке «Нонак» халықтық мерекесі дәстүрінен, би қойылымы мен ұлттық корей барабандарында ойнаудан бастау алды.

Алматы корей ұлттық орталығының төрағасы Андрей Антонович Шин, Алматы корей ұлттық орталығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бронислав Сергеевич Шин, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық «Қазақстан корейлері қауымдастығының» төрағасы Юрий Германович Шин, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Пак Нечон, ҚР-дағы Елшілігі жанындағы Астана корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чоль құттықтау сөз сөйледі.


Мерекеге Корея Республикасының елшілігі жанындағы Білім беру орталығының директоры Ким Хонг Хван, Қазақстандағы оңтүстік кореялықтар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ли Даль Жу, Қазақстандағы оңтүстік кореялықтар қауымдастығы төрағасының орынбасары До Джэ Хён, генерал Ли Дже Ван, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы ҚХА Хатшылығының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Назар Албанұлы Балгимбаев, Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Анатольевич Лукашев, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Любовь Августовна Ни, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Елена Викторовна Ким, Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілі Еркебұлан Сәулебайұлы Қабдыл және республикалық этномәдени бірлестіктер белсенді қатысты.

Салтанатты шара аясында Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен АКҰО төрағалары мен белсенділері, республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының артистері марапатталды. Сондай-ақ, 1997 жылы құрылған «Бидангиль» хорына Қазақстан халқы Ассамблеясындағы белсенді қызметі, еліміз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жемісті жұмысы үшін «Халық» атағы берілді.

Мерекелік концертте дәстүрлі корей және заманауи әндер мен билерге толы болып, «K-voice» вокалдық тобы қазақ әндерінен попурри орындап, соңында «Атамекен» әні шырқалды.

Кейін қарай