29 Наурыз, 2016
1234
Алматыда ұлттық жекпе-жек түрлері мен әскери өнердің халықаралық фестивалі өтті
2016 жылғы 27 наурызда Алматы қаласындағы «Достық» оқу-спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен ұлттық жекпе-жек түрлері мен әскери өнердің халықаралық фестивалі өтті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлт жоспарындағы 5 институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамдын белгілеп берді. Олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасын әзірлеу мен іске асыру, Қазақстандық бірегейлікті нығайту және кешенді азаматтық қоғамдастық қалыптастыру үшін жағдай жасау қарастырылған. Аталмыш іс-шара ҚР Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында және жоспарланған ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға қолдау болып табылады. «Бұл фестивальдің мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету, жастар арасында спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау және осындай спорттық шаралар арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс-шараның салтанатты маңыздылығының бірі – Майор Елены Евстратенко жетекшілігімен ҚР Ұлттық гвардиясының ең көне оркестірінің қатысуы болды. Сонымен қатар, фестивальге Қазақсстанның таэквондо федерациясы , Республикалық жекпе-жек өнерлері одағы, ҚР каратэ федерациясы, «Бес қару» федерациясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысып отыр. Ең алдымен елімізде жекпе -жек өнерінің дамуына үлес қосқан бірқатар ардагерлер естелік сыйлықтармен марапатталды. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі ретінде Олимпиада чемпионы Майя Манеза марапаттауға қатысты. Одан кейін, қазақ күресі, өзбек жекпе-жек өнері, таэквондодан сегізінші Азия біріншілігінің құрама командасы, Шинкиокушин жекпе-жек өнері, капоэйра, будзинкан ниндзя, айдидо нишио рю, ушу өнерінің майталмандары өз өнерлерін паш етті. Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ