
08 Қаңтар, 2016
983
Алматыда «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институттық реформасы» атты форум өтті
2016 жылғы 8 қаңтар күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институттық реформасы» атты форум өтті. Форумның жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысты. Сондай-ақ, ҚХА Кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің және Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Қазақстанның қоғам қайраткерлері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылымы-сараптамалық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және жастар ұйымдары өкілдері атсалысты.
Форум аясында қатысушылар Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талдап, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қорытындылап, «Болашағы біртұтас Ел» жалпыұлттық жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларының салтанатты басталуы жайлы сөз қозғады.
ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов өз баяндамасында: Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында бес институттық реформаны жүзеге асырудың дайындық кезеңі аяқталып, оның практикалық кезеңі басталғанын жариялағандығы жөнінде қатысушыларға айтып кетті. Ассамблея становится реформалардың тиімділік барометріне айналмақшы. 2016 жылы барлық жалпыұлттық жобалар мен ҚХА іс-шаралары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін болады. Мемлекет басшысының бастамасымен біз биылғы мерейтойлы жылы Ассамблея құрылған 1 наурыз күні Алғыс айту күнін атап өтетініміздің зор мәні бар», - деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, баяндамашылар қатарында болған Алматыдағы Кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан, жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай, Қазақстандағы орыс, славян және казактар ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары Наталья Ливинская, Күрдтердің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев, А. Розабакиев атындағы № 153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Умаров, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Болат Оспанов, Алматы облысы «Возрождение» неміс қауымдастығының қосалқы төрайымы Елена Попова, республикалық «Достық-Дружба» журналының бас редакторы Зейнекүл Сейсенова өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара қорытындысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Республикалық Достық үйіне ҚХА жылының жалауын салтанатты түрде табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті