13 Желтоқсан, 2021
566
Алматыда ҚР Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді. Олар алдымен Алматы қаласы аудандық жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің өкілдерімен кездесуі өткізді. Бұл отырыста ұйғыр және дүнген этностарының өкілдерімен әңгімелесу барысында еліміздің жеткен жетістіктері, мәдени, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.
ҚР Мәжіліс депутаттары келесі кезекте БАҚ өкілдерімен және белсенді блогерлермен кездесті. Кездесуге DAZ «Deutsche AllGemeine Zeitung» республикалық неміс газеті, «Коре Ильбо» республикалық корей газеті, «Қадам ТВ» телеарнасы болды. Сондай-ақ, қалалық газеттер – «Вечерний Алматы», «Алматы-ақшамы» секілді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары қалалық Ассамблеяның жастар қанатымен және қалалық жастар ұйымдарының өкілдерімен жүздесті. Бұл жиында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы, мектептердегі психологтардың жұмысы, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелері талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Алматыда «Ахысқа» республикалық түрік газетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
-
Алматыда «Ақпараттық кеңістіктегі бірлік» атты жас креаторлар форумы өтті
-
ҚОСКҚ Астанадағы Достық аллеясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді