Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2016

947

Алматыда семинар өтті

Алматыдағы Достық үйінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу мәселелеріне арналған семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы ҚХА мүшелері, Алматы қаласы ЭМБ жетекшілері, ҚХА жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымы және БАҚ өкілдері қатысты.

«Сайлау 37 округ бойынша өтеді. Күнтізбелік жоспар бойынша үміткерлерді тіркеу 23 ақпанда аяқталады. Бүгінде 37 округ бойынша 149 адам үміткер болып отыр. Олардың 116-сы тіркелді.  Мәжіліс сайлауына келетін болсақ, партиялық тізімдер шығарылды. 6 саяси партия өз үміткерлерін ұсынды. Барлық ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының сайтында жарияланып жатыр», - деді аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айгүл Халықова.

Оның айтуынша, биылғы Мәслихат сайлауының ерекшелігі Алматының шекарасы кеңеюіне байланысты сайлаушылардың саны да артып отыр. Былтыр тек 950 мың адам дауыс берсе, биыл 1 млн 30 мың адам өз таңдауын жасауға ниет білдіріп отыр. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 24 ақпанда басталады. Заңға сәйкес мемлекет сайлау науқанына қажетті сома бөлді. Үміткерлер 114 295 теңге көлемінде міндетті жарна төлеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, үміткердің өзі мен жұбайы салық декларациясын  тапсыруы тиіс.

Кейін қарай